Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Данияр елеусінов Батыс қазақстан облысының құрметті азаматы атанды

c 17:31, 23/12/2021 c 2365

0:00 / 0:00

Өңір басшысы Даниярдың әкесі Марат Елеусіновтің баптауымен бокс шыңын бағындырғанын атап өтіп, енді кәсіпқой рингте де зор табыстарға жетуіне тілектестігін білдірді. Данияр Елеусінов өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын айтып, алдағы уақытта да ел үмітін ақтау үшін бар күш-жігерін салатынын мәлім етті. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан кәсіпқой боксының жарық жұлдызы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов ІВО тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын.Осылайша Оралда ерлер арасында ел чемпионаты аяқталды. Биылғы біріншілікте бірқатар жас споршы жарқырай көрінді. Әсіресе, 48 кг салмақта топ жарған 18 жастағы Санжар Тәшкенбайды ерекше атауға болады. Санжарға есе жіберген жерлесіміз 18 жасар Даниял Сәбит бәсекеде тактикадан қателіктерге бой алдырғанын, алайда осы кемшіліктермен болашақта жұмыс жасайтынын жеткізді.Соңғы бәсекелер барынша тартысты өтті. Ақмола облысының өкілі Оразбек Асылқұлов 57 кг салмақта қостанайлық Айдос Араповты 3:2 есебімен ұтып, чемпион атанды. 60 кг салмақта қарағандылық Василий Самчук шығысқазақстандық Әділет Құрметовтен айласын асырды. Ал 63,5 кг салмақта алматылық Ділмұрат Міжітовтің мерейі үстем болды. Ол тартысты жекпе-жекте шымкенттік Абзал Серікті жеңді - 3:2. 80 кг салмақта 2021 жылғы әлем біріншілігінде бақ сынаған елордалық Нұрбек Оралбай ақтөбелік Жәнібек Қартбаевтың осал жерін тапса, аса ауыр салмақта 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысушы, түркістандық Нұрлан Сапарбай мен атыраулық 19 жастағы Аманат Сабырғали соңғы бәсекеге шықты. Нәтижесінде Нұрлан Сапарбайдың мерейі үстем болды. Есеп- 5:0.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.