Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

103 797 адам жер кезегінде тұр

c 18:45, 22/12/2021 c 1574

Қолданыстағы жер заңнамасы бойынша ел азаматтарына жеке үй салу, саяжай мен бағбандықпен айналысу үшін 10 сотоктай жер тегін берілуі керек. Бүгінгі таңда тұрғын үйге арналған жер телімдеріне 103 мың адам кезекте тұр. Олардың көбі облыс орталығы тұрғындары.

Қазіргі қолданыстағы ата заңның тармақтары бойынша жер телімдері әрбір қазақстандыққа берілуі тиіс. Бүгінде үй салам деген 103 мыңнан астам батысқазақстандық жер кезегінде тұр. Олардың көбі Орал қаласы тұрғындары. Жаңа талаптар бойынша кезекпен берілетін жер телімдеріне барлық инфрақұрылым желілері тартылуы шарт. Осы талап орындалмағандықтан 10 жылға жуық облыс орталығында 10 соток жер берілмей келгені аян. Өткен жылдары Круглозерный кентінде басталған тиісті жұмыстар биыл аяқталуы тиіс. Келер жылдан бастап 1141 учаскі кезекте тұрған жандарға берілмек. Бұдан өзге биыл аудандарда 250 жер телімі берілді.

Бұдан өзге заңнама талаптарына сәйкес кез-келген Қазақстан Республикасының азаматы бау-бақша мен бағбандықпен айналысу үшін жер телімдері берілуі тиіс. Саяжай салу үшін 12 соток алуға құқылы. Алайда 2016 жылғы мораторий бойынша участоктер жеке тұлғаларға берілмейді.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мақсаттағы елдімекеннің аумағынан 1 гектарға дейін жер алып, көкөніс отырғызуға болады. Жер қолданысқа бес жылға дейін берілмек.

Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.