0:00 / 0:00
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай Орал қаласында 25 жаңа автобус жолға шықты. Жаңа темір тұлпарлар №43 пен №5 маршруттарда қызмет жасамақ. Жалпы биыл шаһары ішінде қатынайтын 60 қоғамдық көлік жаңаланған.
Торқалы мерей тойға тойға орай облыс орталығында жаңа автобустар қолданысқа берілді. Су жаңа көліктер №43 пен №5 маршрутқа қызмет атқармақ. Автобусты басқаратын жүргізушілер дән риза.
Шаһар басшысы 2021 жылдың басында бұқара халыққа есеп берген кезде тозығы жеткен автобустарды алмастыратынын хабарлаған еді. Бүгінде облыс орталығында қатынайтын 60 автобус жаңаланған. Автобус паркін жаңартқан тасымалдаушыларға субсидия беру мәселесі де жолға қойылыпты.
Жаңадан рейске қосылған автобустар Қазақстанда жасалған Отандық өнім. Қазіргі таңда қала бойынша 27 қоғамдық көліктің маршруты бар. Биылдан бастап қоғамдық көліктегі жолақыны электронды форматқа көшіру басталды. Сондықтан барлық дерлік бағытқа қатынайтын көліктерге планшет, валидаторлар қойылды.