0:00 / 0:00
2021 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда жаңадан әкімшілік рәсімдік кодекс өз күшіне енді. Жаңашылдық елде адам мен заңды тұлғалардың құқығын қорғауға арналған. Күні бүгінге дейін облыста 400-ден астам әкімшілік іс сотқа келіп түскен. Олардың 130-сына үкім шыққан. Судьялар тағайындалған үкімдердің дені сотқа арыз берген азаматтың құқығын қорғайтынын айтады. Жаңа кодекс "Естейтін мемлекет" тұжырымдамасы аясында жұмыс істейді. Яғни кез-келген ҚР азаматы жер, салық, мемлекеттік сатып алу мен шекарадағы тексеріс мәселесіне көңілі толмаса сотқа жүгіне алады. Осы істерді қарауда қандай деректерді басшылыққа алу қажеттігін түсіндіру үшін Орал қаласында арнайы семинар өтті.