Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үздік кітапханашылар анықталды

c 17:09, 08/12/2021 c 1612

0:00 / 0:00

Кітапханалар жүйесі қала тұрғындарының жан-жақты білім алып, саяси санасын қалыптастыру үшін түрлі ұйымдар және мекемелермен бірлесіп жұмыс атқаруда. Демек, қаламыздың мәдени өмірінде кітапхананың алатын орны ерекше. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай кітапхана үздіктерін анықтайтын салтанатты шара ұйымдастырылды. Кеш барысында қалалық кітапхананың жыл бойы атқарған жұмысы рет-ретімен баяндалды.

Мерекелік кеш аясында кітапхана ісінің үздіктері марапатталды. Атап айтқанда, "Жыл меңгерушісі", "Жыл кітапханашысы", "Жыл кітапханасы", "Ең жас оқырман" сынды номинация бойынша кіл мықталар анықталды. Қалалық кітапханалар жүйесі көптеген келелі іс-шаралардың бастаушысы. Соның бірі-жақында өткен «Тәуелсіздік - ұраным, таусылмайтын жыр-әнім!» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы. Айта кетсек, мүшәйраны өткізуге Қазақстанның «Aқжол» демократиялық партиясы БҚО-тық филиалы мұрындық болған-ды. Бүгінгі кеште осы мүшәйра жүлдегерлерін аудандық мәслихат депутаты Омаров Тоқтар Мерекеұлы және мүшәйраның қазылар алқасы, қалалық «Ақберен» жас ақындар мектебінің жетекшісі Талап Таймасұлы марапаттады.

Жалпы, шаһар бойынша 16 кітапхананың басын біріктіріп, әдебиет пен мәдениеттің дамуына сүбелі үлесін қосып жүрген кітапханалар жүйесінде 72 кітапханашы қызмет атқарады екен. Тарихы тереңге бойлаған кітапхана жүйесінде еңбек етіп, бар өмірлерін кітапхана жұмысына арнаған қызметкерлер де жетерлік. Шара аясында ардагер қызметкерлердің еңбектері еленіп, алғыс хаттар табысталды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.