Оралдың мектептерінде электронды үкіметтің қыр-сырын үйретеді. Осыдан 3 жыл бұрын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация, мемлекеттік қызмет істері мен білім беру бөлімі арнайы меморандумға қой қойды. Осы құжаттың негізінде қала мектептерінің оқушыларына Егов порталының қыр-сырын меңгертеді. Әуелі ұстаздарға "Электронды үкіметті" меңгерту үшін арнайы вебинар жасапты. Оған 500 педагог қатысқан. Енді информатика мұғалімдері жоғарғы сыныптың оқушыларына білім береді.
Сурет https://cabinethelp.kz/ сайтынан жүктелді