0:00 / 0:00
Биыл Оралда коньки тебу науқаны кеш басталмақ. Сала мамандар арнайы алаңдар мен "Жастар" стадионына су құйып, қатыру үшін қар жауғанын күтіп отыр. Атқармінерлер ақ ұлпа түскен бойда жұмысқа кірісеміз,- дейді.
Балалармен қыста асыр салып, ойнауы үшін коньки тебуді асыға күтіп жүр. Алайда облыс орталығында конькимен сырғанайтын мұз жоқ. Мамандар қар жауғасын жұмысқа кірісеміз. Барлық техника мен мамандар жұмысқа сақадай сай,- дейді.
Оралдықтардың сүйікті орнына айналған "Жастар" стадионы да іске қосылмады. Стадионға жауапты мамандар да қар жауғанын күтіп әлек. Қалыңдығы 5 см.-ді құрайтын ақ ұлпа түссе алаңға су құйып, қатырамыз,- дейді.
Естеріңізге сала кетейік, "Жастар" стадионын КПО БИВИ компаниясы 1,3 млрд теңге салып, күрделі жөндеуден өткізген еді. Сол кезде 10 градус жылы ауа райында да коньки тебуге мүмкіндік болады деп айтылған-ды. Алайда қазіргі таңда бұл құрылғының бұзылғаны анықталды. Мамандар техника тез сынады, өз күшімізбен жөндеп жатырмыз,- дейді.
Қар жауғанын күтіп отырған мамандар стадион маңында киініп-шешінетін арнайы орынның салынғанын хабарлады. Стадион іске қосылған кезде хоккейшілер жаттығып, кейін айдын коньки тебуге берілмек. Мамандар конькиді жалға беру мен стадионға кіру ақысы қымбаттамайды деп сендірді.