Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Бақытты жанұя - бақытты ел» форумы

c 18:01, 29/11/2021 c 1241

0:00 / 0:00

Шабыт балалар шығармашылық орталығында «Бақытты жанұя – бақытты ел» отбасылық форумы өтті. Форумды ұйымдастыруға "Интеграл", "Жайық таңы" қоғамдық бірлестігі, Зашаған кенті әкімдігі, қалалық білім беру бөлімі мен полиция басқармасы мұрындық болды. Шараға отбасы мүшелері толық түрде қатыса алды. Форум аясында аналар мен ұл-қыздары бір-біріне жылы сөз айтып, әкелер бірге байқауға қатысып, бір серпіліп қалды. Барлық бала бақытты болуға лайықты. Форумның басты ұраны да осы.

Форум аясында үш жақты меморандумға қол қойылды. Келісім бойынша жергілікті балалар мектептен тыс жұмыс орталығы мен "Шабыт" балалар шығармашылығы орталығымен тығыз қарым-қатынаста болмақ. Негізгі мақсаты-достық көпірін орнату, ата-ананы қолдау, балалалардың уақытын тиімді өткізу, отбасы институтының құндылығын арттырып, рухты көтеру, Тәуелсіз елдің бақытты отбасын қалыптастыру.

Форум аясында ата-аналар мамандардан кеңес алды. Түрлі отбасылық ойындар ойналып, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шараның көздегені біреу-балалардың бойына отбасына деген сүйіспеншілік ұялата отырып, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты қалыптастыру. Тәрбиенің алғашқы алтын қазығы өз туған ұясы екенін жете түсіндіру.

Автор:
Оператор:
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.