0:00 / 0:00
Атқарушы билік 19 әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын нарықта шарықтатпау үшін қыруар қаражат бөліп келеді. Биыл мәселен 1,2 млрд теңгедей қаражат қарастырған. Яғни "Ақжайық" әлеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы тауар өндірушілерге тізімде бекітілген тауар түрін сатып алу үшін ақша бөледі. Кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тауарларға тек 5 пайыз үстемақы қосуы керек. Бұқара халық 8 арнайы дүңгіршікте арзан бағаға картоп, сәбіз, пияз бен макарон, ет, сүт өнімдерін сатып алуы керек. Алайда соңғы кезде осы тауарлардың сапасына қатысты көп сын айтылуда.
Азық-түлік бағасы ертегі кейіпкерлері секілді күн санап, шарықтап, өсіп келеді. Қымбатшылыққа етіміз үйренгенімен қалтаға ауыр соғып тұр. Қазіргі таңда азаматтар әмияндағы бар ақшасын үнемдеу үшін арзан бағадағы тағамдарды іздеп шарқ ұрады. 19 маңызы бар әлеуметтік тауардың бағасын ұстап тұру үшін "Ақжайық" әлеуметтік корпорациясы арнайы 8 дүңгіршек ашқан. Алда осы сауда нүктелерінің санын 15-ге жеткізуді жоспарлап отыр.
Биыл бюджет есебінен 19 маңызы бар азық-түлікті сатып алу үшін 1,2 млрд теңгедей қаражат бөлініпті. Қыруар қаржыға 1100 тонна картоп, 700 тонна пияз бен сәбіздің қоры жинақталған. "Ақжайық" корпорациясына қарасты дүңгіршіктерде сатылатын арзан бағадағы көкөністердің түрі мынандай. Азық-түлік сатып алуға келген тұрғындарды сөзге тарттық.
Оралдықтар қалтасындағы қаражатты үнемдейтін орынның бірі- Ықсанов көшесіндегі жәрмеңке еді.
Әкімдік қызметкерлері азық-түлік жәрмеңкесі сенбіде Ықсанов көшесінде, жексенбі күні Зашаған кенті мен Ел ырысы базарының аумағында өтеді деп хабарлайды.