0:00 / 0:00
2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Өсім 7 пайызды құрайды.
Еліміздің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті өзгеріске ұшырауына байланысты зейнетақы мен жәрдемақының көлемі артпақ. Сала мамандары зейнеткерлерге төленетін ақыдан бөлек айлық есептік көрсеткіш 3063 теңгені, ең төменгі зейнетақы -46302 теңгені, ал ең төменгі жалақы-60 мыңды құрайтынын айтады.
Жаңашылдық 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар бүлдіршіндерге қатысты болмақ. Осы кезге дейін 16 жасқа толмаған балаларға бірдей жәрдемақы тағайындалды. Ал енгізілген өзгеріс бойынша 7 жасқа дейін бірдей төлем төленіп, 7 жастан бастап І,ІІ, ІІІ тобына бөлінінеді. Осы топ санатына орай жәрдемақы мөлшері тағайындалады.
Өзгерістер І топ мүгедектеріне де қатысты. Оларды бағып-қағып отырған жандарға 48 мың теңге көлемінде мемлекет ақы төлейді.
І топ мүгедегін бағып отырған жандарға төлем тағайындату үшін халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек.
Сурет https://egemen.kz/ сайтынан жүктелді