Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

30 жылда 17 865 қандас елге оралған

c 18:18, 24/11/2021 c 1428

0:00 / 0:00

Қазақстан азаттығын жариялағаннан кейін әлемнің түпкір-түпкіріне түрлі жағдайға байланысты қоныс аударған отандастарымызды қабылдайды бастады. Ұлы көш 1991 жылдан басталды. Күні бүгінге дейін 1 млн.нан астам этникалық қазақ тарихи Отанына оралды.

Бұл- Баян Пірмәнқызы. Ол жанұясымен Өзбекстаннан 2019 жылдың желтоқсанында көшіп келеді. Ата жұртқа оралған кейіпкеріміз жарты жылдың ішінде "көк паспорттың" иегері болған. Бүгінде елге келген қандастарымыз жұмысқа орналасып, тапқан-таянғанына үйін салып, енді баспанасын жөндеуді қолға алмақ.

Осы кейіпкеріміз секілді тарихи Отанына 30 жылдан бері 4068 отбасы қоныс аударды. Этникалық қазақстарға қандас мәртебесі берілді. Азаматтардың көбі Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі, Тасқала аудандары мен облыс орталығында тұрақтаған.

Екі жыл бұрын ата жұртқа көшіп келген Баян ханымның арманы көп. Көпбалалы ана наубайхана ашуды жоспарлап отыр. Ата жұртқа оралған ана көшіп келген сәтте көмек қолын созып, құшақ жая қарсы алған азаматтарға алғысын айтады.

Соңғы үш жылда Ақжайық өлкесіне 127 қандас қоныс аударды. Олардың 68-і жұмысқа орналасқан. Сала мамандары тарихи Отанына көшіп келген азаматтарды құшақ жая қарсы алып, көмектесуге дайын екенін айтады. Елге оралған жандардың көбі Өзбекстан мен Ресейден көшіп келгендер.

Сурет http://mugalzhar.kz/ сайтынан жүктелді

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.