0:00 / 0:00
Жыл басынан бері рецепті бойынша 660 мың батысқазақстандыққа әлеуметтік-медициналық сақтандыру қоры тарапынан тегін дәрі-дәрмек берілді,- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары. Биыл облыс бойынша 6 млрд. 722 млн. теңге сомасына рецепт бойынша науқастарға тегін дәрі-дәрмектер берілген. Денсаулық сақтау басқармасының мамандары өңір тұрғындарын толықтай қамтамасыз етіп отырмыз дейді. Тек науқастар уақытылы дәрігерге көрінсе болғаны. Мәселен, 2-ші қалалық емханада бүгінде әлеуметтік қамқорлық санатына жататын сырқаттармен ауыратын науқастарға үш ай сайын дәрі-дәрмек беріледі. Бүгінде бұл медициналық нысанда алты мыңға тарта науқас есепте тұр. Айта кеткен, жөн дәрілік заттардың үш айлық қажеттілігі бір жерден сатып алынады. Бұл науқастар тегін дәріге қысқа мерзімде қол жеткізе алатынын білдіреді.