0:00 / 0:00
2021 жылдың қарашасында БҚО-ның аумағынан 893 азамат шетелге қоныс аударған. Олардың көбі яғни, 856 адам ТМД елдеріне көшіп, ал 37 азамат алыс шетелге кеткен. Өзге елдерге көшкен жандардың 241-і бала екен. Бұл туралы көші-қон басқармасының мамандары хабарлады. Өткен жылы облыстың 703 тұрғыны көк паспорттан бас тартып, өзге елдің азаматы болу үшін өтініш берген. Ал Қазақстанға 12 мыңнан астам азамат уақытша келген. Еліміздің шекарасын асқан жандардың көбі ТМД елдерінің азаматтары. Сала мамандары биыл 66 адам Қазақстанның азаматтығын алғанын айтады.
Сурет https://ia-centr.ru/ сайтынан жүктелді