0:00 / 0:00
Қалалық полиция басқармасы қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Мақсат-жеке құрамның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, тәртіп сақшыларының кәсіби дайындықтарын шыңдау, бұқаралық спортты насихаттау. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңындағы жарысқа үздік құрама командалар мен әр бөлімшенің шебер ойыншыларынан құрылған 6 команда қатысты. Жарыс өз деңгейінде қызу, тартысты өтті. Финал қорытындысына сәйкес, текетірес ойын қызған шақта қоржынға ұпайды артық жинаған Шаған полиция бөлімінің командасы 1 орынды жеңіп алды. 2 жүлделі орынға ардагерлер командасы таласып, келісті ойын өрнегін көрсетті. 3 жүлделі орын Орал қ.ПБ Патрульдік полиция батальоны командасына бұйырды. Өз кезегінде қызметкерлер жарыстардың жиі ұйымдастырылуын тіледі.
Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді