0:00 / 0:00
Бұл семинарда ағылшын тілі пәні мұғалімдері бас қосты. Ондағы мақсат-ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби педагогикалық өсуі мен шығармашылығын ынталандыру. Ұстаздардың біліктілігін көтеру, педагогикалық инновацияларды енгізу, жаңашыл идеяларды насихаттау. Оқыту семинарына Фулбрайт бағдарламасы бойынша АҚШ-тың Вермонт штатының ағылшын тілі пәні мұғалімі Линдсей Гатчфилд шақырылды. Шараға аудан және қалалық білім беру ұйымдарының ағылшын тілі пәні мұғалімдері қатысты.
Семинарға қатысқан Линдсей Гатчфилд ұстаздарға дәріс оқыды. Мұғалімнің педагогикалық мәдениетін жетілдіру мен белсенді оқытудың жаңа әдістері мен формаларын қолдану бағытында өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ағылшын тілінің аймақтық офисіндегі Қазақстандағы ағылшын тілін оқыту бағдарламаларына тоқталып өтті.
Ұстаздар өз кезегінде облыстық білім басқармасына алғысын білдірді. Бүгінгі семинардан алған дағдыларды сабақ барысында қолданамыз деп бекініп отыр.