0:00 / 0:00
25 қазаннан бастап Оралдағы «Hyundai Zhayik» автосалонында мамандандырылған бөлім секторы жұмыс жасай бастады. Енді БҚО тұрғындары автокөлік сатып аларда оны бірден өз атына тіркей алады.Қазіргі уақытта автокөлікті eGov порталы, екінші деңгейлі банктер арқылы тіркеуге мүмкіндік қарастырылған. Оған қоса енді арнайы су жаңа автокөлігіңізді мамандандырылған бөлімге бармай-ақ тіркеуге болады.
Автокөлікті сатып алғаннан кейін сектор маманы көлікті есепке алу үшін құжаттарды қабылдайды. Кейін бірнеше сағатта мемлекеттік нөмір мен дайын техпаспорт курьер арқылы жеткізіліп, иесіне берілетін болады. «Trade-in» бағдарламасы арқылы рәсімделетін автокөліктерді де есепке алу жүргізіледі.Жаңа мамандандырылған бөлім Жамбыл көшесі 253 В мекенжайында орналасқан.