Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жайық тартылып барады

c 18:16, 22/10/2021 c 1588

0:00 / 0:00

Мамандардың айтуынша, суы тартылған өзеннің табаны 8-9 метрге дейін биіктеген. Осылайша өзеннің әр жерінен аумағы жүздеген метрге созылған мынадай аралдар пайда болды. Махамбет Ықсанғали мұны өзеннің отыз жыл бойы еш күтім көрмегенімен байланыстырады. Балық қыстайтын шұңқырлары мүлдем тазартылмаған Жайық қазір үлкен құбыр сияқты. Өйткені Ресейден жеткен тіршілік нәрі іркілместен ағып барып, Каспийге құяды. Суының 95 пайызын Еділден алатын Каспий теңізі Жайыққа тәуелді емес. Сондықтан суды өзімізге көбірек алып қалуға тырысу керек. Сонда облыс орталығы түгілі, өңірдің оңтүстік аудандары да судан тарықпас еді,-дейді су саласының ардагері. Жыл сайын Жайық өзеніне Ресейден кемінде 4 миллиард текше метр су ағып келеді. Бірақ жоғарыдағы көршілер шөміштен қағуын доғарар емес,-дейді сала өкілдері.
Дағдарған мамандар өзі аз суды тіршілік нәрінен тарыққан халыққа қалай бөліп берерін білмей отыр. Су тапшылығынан өңірдің оңтүстік аудандарында шөп шықпай, өзен-көлдер құрғап қалды. Ал аңқасы кеуіп, су іздеген төрт түлік батпаққа батып қырылды. Биыл қыста мұз қалың болса, балық та қырылуы мүмкін. Мұндай су тапшылығы 1960 жылдары тіркеліпті. Бірақ мұның уақыт салып қайталанарын, әлде Жайықтың мүлде суалып кетерін, тіпті келер жылы жағдайдың не боларын ешкім де дөп басып айта алмайды. Өйткені облыста Жайықтың жағдайын зерттейтін білікті мамандар жоқтың қасы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.