0:00 / 0:00
Облыста КВИ шалдыққан науқастар өткен аптамен салыстырғанда 26 пайызға төмендеді. Оған қоса кешегі күні өңірде вирус жұқтырудың 15 дерегі тіркелген. Тәулігіне вакцина қабылдамаған 10-15 науқас ауруханаға түсіп жатыр. Бұл туралы бүгін облыстық коронавирусқа қарсы жедел штаб отырысында облыстың бас дәрігері Арман Қалибеков мәлімдеді. Аумақ айдан аса уақыт "сары" аймақтар тізімінде. Эпидемиологиялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін енді міндетті вакцинациялау шарасы жүзеге асырылатын болады.Облыс әкімі штаб отырысында тұрғындарды жаппай екпе алуға шақырды. Қазір өңірдегі барлық инфекциялық ауруханаларда науқастар толымдылығы 27 пайызды құрайды.Енді кәсіпорын қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе алуы тиіс. Ал екпе алмағандардың ауруға қарсы медициналық көрсетілімі болуы шарт. Олай болмағанда жұмыс орнына кіруге рұқсат жоқ. Бұл туралы облыстың бас санитар дәрігері Мұқамғали Арыспаев мәлімдеді. Сонымен қатар бұдан былай мониторингтік топтар енді барлық жұмыс орындарын аралап, санитарлық талаптарды сақмағандарға айыппұл сала алады. Мәселен, ірі кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне 4 млн. 500 теңгеге айыппұл салынса, шағын кәсіпкерлерге 670 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалады.