Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үш баланың анасы баспанасыз қалуы мүмкін

c 17:52, 18/10/2021 c 921

0:00 / 0:00

Орал қаласының тұрғыны Елена Картель балаларымен бірге баспанасыз қалуы мүмкін. Қазіргі таңда ол балаларының құқығын қорғау үшін соттасып жатыр. Азаматшаның басындағы бұл жағдай сонау 2009 жылдары ипотекаға несие алумен басталады. Бірақ жолдасымен құрылған неке 2011 жылы сәтсіз аяқталған.

Елена Картель балалары баспанасыз қалмас үшін күресіп жатыр. Кейіпкердің басындағы келеңсіз жағдай сонау 2009 жылы басталған. Ол жарымен бірге жас отбасыларға арналған ипотека арқылы бір бөлмелі үйді несиеге рәсімдейді. Кейін араға екі жыл салып, ерлі-зайыптылар ажырасады. Елена тұңғышымен несиесін өтеп келеді. Ал 2013 жылы жолдасымен қайта қосылып, екінші ұлы дүниеге келеді. Алайда бұл неке 2017 жылы сәтсіз аяқталған. Келіншек екі баласын өсіріп, экс-күйеуіне рәсімделген несиені өтеп келеді. Енді арада біраз уақыт өткен соң кейіпкеріміз тұрып жатқан үйін банктың сатып жібергенін бір-ақ біледі.

Елена Картель, қала тұрғыны:

-Өзім ипотеканы төлеп келдім. Алайда ильиннің қомақты қарызы болған. Сол себепті жилстрой банктегі шоты бұғатталған. Мен ақшаны сол шотқа салып келдім. Яғни несиенің ақысы төленбеген. Мен де барлық түбіртек сақталған. Бұны сотта дәлелдедім. Желтоқсанда қорғауыммен мүлікті бөлуге арыз жазғанда портал арқылы банк аукцион арқылы үйді сатып жібергенін білдік,-дейді.

Банк өкілдері тек заңнама аясында жұмыстанатындықтарын алға тартады.

Аида Ипатова, "Отбасы банкі" АҚ БҚО филиалының директоры:

-Банк заңнама талаптарымен жұмыстанады. Заңда көрсетілген арыз беру, тұтынушыға хабарлау сынды талаптар уақытылы орындалды. Мұндай оқиғаның болғаны өкінішті. Келешекте де заңнама талаптарын орындаймыз,-дейді.

Ал адам құқығы бойынша халықаралық бюроның өңірдегі филиалының директоры "Адам баласын жалғыз баспанадан айыруға болмайды",- деген заңнама қабылдануы керек,- дейді. Және тәжірибелі заңгер шиеленіскен тараптардың дауында бірінші кезекті кәмелет жасына толмаған балалардың құқығы мен олардың өмір сүру сапасы басты назарда болуы керек дегенді айтады.

Павел Кочетков, заңгер:

-Біздің кәмелет жасына толмаған балалардың құқығын қорғайтын заңнама көп. Әдетте сот немесе мүлікті сатқан жағдайда баланың құқығын қорғайтын мамандар болуы керек. Осындай жағдайда кәмелет жасына толмаған балалардың құқығы басты назарда болуы керек,-дейді.

Елена Картель балалары баспанасыз қалмауы үшін барын салуда. Кейіпкеріміз бен оның қорғаушысы сот процесстерінде жеңіп шықпаса, қыстың көзі қырауда отбасы пана болар орын таппай, көшеден тентіреп қалуы бек мүмкін.

Сурет http://akrsud.kharkiv.ua/ сайтынан жүктелді

 

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.