Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Туберкулезбен ауыратын науқастар азайған

c 18:02, 14/10/2021 c 2023

0:00 / 0:00

Облыста туберкулезбен ауыратын науқастардың саны өткен жылдармен салыстырғанда азайған. Тіпті осы індеттің кесірінен көз жұмғандар саны да әдеуір қысқарыпты. Өткен жылдың тоғыз айында 12 науқас жұқпалы аурудан жан тапсырса, биыл өкінішке орай 7 азамат дүние салған. Дәрігерлер туберкулез індетін тез анықтаудың маңызы зор,- дейді.

Қазіргі таңда туберкулезді емдейтін ауруханада 105 адам ем алуда. Оның жетеуі бала. Дәрігерлер соңғы жылдармен салыстырғанда жұқпалы індеттің тырнағына іліккен науқастардың саны азайғанын айтады.

Қазіргі таңда туберкулезбен ауырған азаматтар ең заманауи дәрі-дәрмектермен емделеді. Егер науқас бірінші рет ауырса 8 ай ем қабылдайды. Ал бастаған еміне салғырт қарап, дұрыс күтінбесе-20 айлық емдеу бағдарламасы қолданылады екен. Ауруханада тіпті дәріге бой бермейтін, ауруы үдеп кеткен науқастар да түрлі ем-дом қабылдауда.

Кок таяқшаларын кез-келген адам жұқтыруы мүмкін. Індетті жұқтырған азаматтың иммунитеті сыр берсе, таяқшалар денеде таралады. . Туберкулез көбінесе өкпені зақымдайды. Кейде, сүйекті, миды да зақымдайтын кездері болады. Өткен жылы бір науқасқа туберкулез-минингит деген диангоз қойылған. Қазіргі таңда науқас емделуде.

Сурет https://gkb8.ru/ парақшасынан жүктелді

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.