Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аялдамасы да, белгісі де жоқ

c 17:13, 12/10/2021 c 2484

0:00 / 0:00

Жұлдыз шағын ауданы мен қазіргі Тәуелсіздік көшесіне дейін қоғамдық көлік тоқтайтын жөнді аялдама, не арнайы белгі жоқ,- деп №33 маршруттың жүргізушілері шағыпданып отыр. Бұл жағдай бірнеше жылдан бері өз шешімін таппай келеді. Қоғамдық көліктің жүргізушілері жол бойына тоқтап, кез-келген тұстан жолаушыларды автобусқа отырғызып алады. Себебі аялдама павильоны түгіл, арнайы белгі де жоқ.

Осы жүргізуші секілді жолаушы тасымалдаушылар Жұлдыз шағын ауданы мен Тәуелсіздік көшесіне дейін арнайы аялдама белгісі жоқ болғандықтан кез-келген тұстан тоқтап, жолаушыларды автобусқа отырғыза береді. Бұл жағдай бірнеше жылдан бері қайталанып келеді. Бірақ бұған мән беріп, бір шара қолданар ешкім жоқ.

Самал көшесіндегі №1 маршруттың соңғы аялдамасында да арнайы павильон мен ескерту белгісі атымен жоқ.

Жолаушылар мен автобус жүргізушілерін толғандырған арнайы белгі мен аялдама павильонын орнату мәселесі бойынша сауалды атқамінерге жолдап көрдік.

Мамандардың сөзінен ұққанымыз, ең алдымен түрлі саланың қызметкерлері "Аялдама керек"- деген аудандарға барып, жағдайды өз көздерімен көріп, танысуы керек екен. Алайда бұл күннің қашан туары белгісіз. Кейін бюджеттен ақша бөлінсе ғана, белгіні орнатады. Бұған дейін адам баласы мен көлікті тізгіндеген жүргізушілердің амандығына да ешкім жауапты емес. Жолаушылар да діттеген жеріне жетуі үшін жолдың қапталында тұрып, автобусты тоқтатуы керек. Ал жол бойында автобустар өзге көлікпен түйіссе қоғамдық көлік жүргізушісі кінәлі болып шыға келмек. Айта кетейік, облыс орталығында 400-тен астам аялдама бар. Оның 230-ында павильон жоқ. Биыл бюджет есебінен 2 жылы мен 20 ашық аялдама орнатылуы тиіс. Және 23 сынып, тозған павильондарға жөндеу жұмыстары жасалуы қажет. Ал қалада не арнайы белгі, не павильоны жоқ аялдамалар қаншама?!

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.