Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АҚШ-та қаржы жүйесін басқарған қазақ қызы

c 17:13, 12/10/2021 c 2252

0:00 / 0:00

Оралда туған Сәуле Омарова - АҚШ-та банк реттеушісінің басшысы болуға үміткер. АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің банк құқығының профессоры, Қазақстанның тумасы Сәуле Омарованы АҚШ-тағы банк секторының негізгі реттеушісі, ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына тағайындауға ниетті. Бұл туралы ақпаратты Bloomberg және The Wall Street Journal агенттіктері жария етті. АҚШ-та қаржы жүйесін басқарған қазақ қызы туралы тың ақпаратқа арна тілшісі қанық болды.Бізге белгілі болғандай Сәуле Омарова №21 ЖББОМ-де білім алған. Қазіргі Назарбев, бұрынғы Ленин даңғылындағы көп қабатты үйлердің бірінде тұрған Омарова 1984-шы жылы мектепті тәмамдаған. Өнегелі отбасында тәрбиеленген Сәуле Омарова мектепті үздік аяқтаған. Ал ел Тәуелсіздгін алған жылы АҚШ-қа қоныс аударған. Омарованың кандидатурасы ресми түрде көп ұзамай ұсынылуы мүмкін. Батыс Қазақстанның тумасы бұл лауазымға бекітілген жағдайда 1863 жылы құрылған банк секторындағы реттеушіні басқаратын алғашқы әйел болады. Джо Байденнің таңдауын прогрессивті демократиялық заң шығарушылар мақұлдайды деп күтіліп отыр. Омарова криптовалюталарды сынға алуымен танымал. Оның сыныптастары оқуда озат болған Омарова туралы естеліктерімен бөлісті.Тамыздағы америкалық БАҚ-тың мәліметінше, Ақ үй әкімшілігі Сәуле Омарованың кандидатурасын зерттеген. АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық жиынтық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл елдің банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.