Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Атамекен» өнер ордасы

c 16:10, 09/10/2021 c 2202

0:00 / 0:00

Ақжайық өлкесінде Тұғырлы тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай «Атамекен» көпфункционалды өнер ордасы ашылды. Мәдени ошақтың құрылысы өткен 2019 жылы басталып, биыл жұртшылыққа пайдалануға берілді. Ғимарат «Қарағашынақ КПО Биви» компаниясының қаражатына салынды. Құрылыс үшін 9 млрд.тан астам қаржы жұмсалыпты. Орал қаласында замануи өнер ордасының ашылуына өңірге жұмыс сапарымен келген үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов, үкімет мүшелері мен зиялы қауым және өнер жұлдыздары қатысты.

Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерей тойына орай қолданысқа берілген «Атамекен» өнер ордасы 3 қабаттан тұрады. Ғимараттың жалпы аумағы 19 907 шаршы метрді алып жатыр. Астыңғы қабатта 22 көлікке арналған авто тұрақ, техникалық бөлмелер мен декарацияны сақтайтын қойма орналасқан. Орталықтың бірінші қабатынды 72 орындық кафе, касса, кезекші бөлмесі, медициналық пункт, сахна киімдерінің қоймасы мен киім ілу орны бар. Екінші қабатта әкімшілік кабинеттер, экспозициялық зал және көрме залы орналасқан. Өнер ордасының ашылуына арнайы келген меймандар көрме залына қойылған өнер иелерінің алғашқы туындылармен танысты.

Ал ғимараттың үшінші қабатында конференц зал, гримм бөлмесі мен 1000-ға жуық көрермен емін-еркін сиятын үлкен концерт залы орналасқан. Конференц залда әлемнің кез-келген нүктесімен байланысқа шығуға мүмкіндік бар. Америкада тұратын қандастар «Адай» күйін орындап, өнерін тарту жасады.

«Атамекен» өнер ордасының ашылу салтанатына орай  алғашқы концерт өтті. Сахна төріне арнайы шақыртумен келген меймандар ән шырқап, көрермендерге тарту жасады.

Ән мен күйдің ордасы саналатын Ақжайық өлкесінің жұртшылығы «Атамекен» мәдениет ошағының ашылу салтанатын тағатсыздана күтіп, замануи сахна төрінде өнермен сусындауды көптен бері армандап келді. Бұқараның көптен күткен арманы  орындалды.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.