0:00 / 0:00
Тұрғындарға ақпараттық насихатты одан әрі күшейту керек деген вице-премьер министр екпе алып қана пандемеяны жеңуге болатынын атап өтті. Облыс айға жуық уақыттан бері ауру таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақтар тізімінде болғанымен эпидемиологиялық ахуал күрделі болып отыр. Өңірдегі пандемеяға қарсы атқарылған жұмыстар барысымен таныстырған облыс әкімінің орынбасары Айдар Нұрәлиев біртіндеп инфекциялық аурухана бөлімдерінің жабылып жатырғанын мәлімдеді.
Коронавирусқа қарсы екпе алушылар қатары өзге облыстарға қарағанда төмен. Осылай деген ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов аудандық аурухана директорланына кем дегенде халықтың 65-70 пайызы вакцина алу қажеттігін ескертті. Алдағы күндері өңірге мектеп оқушылары мен жүкті әйелдерге КВИ -ге қарсы салынатын "Файзер" вакцинасы келеді деп күтілуде. Бұдан бөлек кеңесте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 80 пайызы скрингтік шарадан өткізілген. Жыл соңына дейін тұрғындар 100 пайыз алдын алу шарасынан өтетін болады.
Ал ревакцинациялау туралы шешім алдағы аптада шығатын болады.