0:00 / 0:00
Жаңақала ауданына іс-сапармен барған облыс әкімі аудан мен Бөкей Орданы жалғайтын тас жолдың құрылысымен танысты. Жол салу жұмыстары биыл басталған-ды. Жаңақала мен Жаңақазан ауылдарын байланыстыратын тас жолдың құрылысы алдағы 3 жылда аяқталуы тиіс.
Бұл -Чапай-Жаңақала-Сайхын жолының жобасы. Үш ауданды жалғайтын жолдың құрылысы басталды. 61 шақырымды құрайтын Жаңақала-Жаңақазан тас жолының биыл мердігер компания 2 км-ын асфальттап аяқтауы тиіс.
3 жылға арналған жобаның құны 750 млн теңгені құрайды. Қос ауданды жалғайтын тас жолдан бөлек Жаңақала ауылының Батыс жақ бөлігінде жол салынуда. Жоба құны 672 млн. теңгені құрайды. Жол салушы мекеме қыркүйекте битумның тапшылығынан біраз қиналғанын облыс әкіміне жеткізді. Енді мердігер жоспарды аяқталуы үшін құрылыс материалын қымбатқа сатып алып, жұмысты жалғастыруда.
Жол құрылысы биыл шілдеде басталды. Жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр. Құрылыс нысанында 40 шақты азамат еңбек еткен.