Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«КАСПИЙДІ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙМЫЗ?»

c 10:10, 01/10/2021 c 1048

0:00 / 0:00

Каспий теңізін қалай қорғаймыз? Қазақстанда мұнай өндіруге басымдық беріліп, ал экологияны қорғау мәселесі  кенже қалып отыр. Бұл жағдайды түзеу керек дейді Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин. Мәжілістің жалпы отырысында «Каспий теңізін жерүсті көздерінен және құрлықта жүзеге асырылатын қызмет нәтижесінде ластанудан қорғау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын талқыланып, мақұлданған еді. Алайда, жобаны қорғаған су жаңа экология министрі Серікқали Брекешев депутаттардың мемлекеттік тілдегі сұрағына өз ана тілінде жауап беруге талпынбады. Министрдің бұл әрекетін палата төрағасы сынға алды.

Кәрі Каспийдің экологиялық ахуалына көбірек көңіл бөлген жөн. Бүгінде мұнай өңдеуден теңіз әбден ластанған. Экологтардың айтуынша,  мұнай кен орындарынан және танкерлердің тасымалынан жыл сайын 122 мың тонна зиянды қалдықтар шығарылады. Бұл су қоймасын мекендеген тіршілік көзі үшін өте зиян. Егер қазір Каспийдің тағдырына көңіл бөлмесек, он жылдан соң Арал теңізінің кебін киеміз деп дабыл қағады экологтар. Каспийді мекендеген итбалықтардың қырылу дерегі жиілеп кетті. Теңіздің фаунасы мен флорасына қауіп төніп тұр деп алаңдаған депутаттардың мемлекеттік тілдегі сұрақтарына  бас эколог ана тілінде жауап беруге ниет білдірмеді. Осы әрекеті үшін спикерден сөз естіді.

Қоршаған ортаны қорғаушылардың айтуынша, ашық теңізде кемелердің не істеп жатқанын ешкім білмейді. Себебі, мемлекет тарапынан оған мониторинг жүргізіліп жатқан жоқ. Бүгінде аэроғарыш түсірілімі бар екені мәлім. Алайда, оның да тиімділігі сұрақ тудырады. Себебі, теңізге мұнай қалдығы төгілгені жайында дерек тіркелсе, дәл сол кезде ол жерде кеменің болған, болмағаны жайында дәйек жоқ. Яғни бұл үшін жауаптыны табу қиын. Өз кезегінде депутаттар қазақшасы шамалы экология министріне итбалықтарды қорғауды есіне салды. Соңғы бірнеше жылда каспий итбалықтары төрт есеге азайған.  Осы мәселені зерттеп жүрген мамандардың мәліметінше, итбалықтардың жатағы азайып жатыр. Кей жерлерді мүлдем жойылып кеткен. Еске салайық, 2000 жылы итбалықтардың жаппай қырылуы орын алды. Мыңдаған итабалықтың өлексесі теңіз жағасына шығып қалған еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.