Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1-қыркүйектегі жолдауында жемқорлықпен күресті күшейтіп, қылмыстың жолын кесіп, оның алдын алуды құзырлы органдарға тапсырма жүктеген-ді. Жолдаудан соң сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің қызметкерлері түрлі саяси партия, үкіметтік емес ұйымдар мен зиялы қауым өкілдерімен кездесу ұйымдастыруда. Соның бірі жемқорлыққа қарсы күрес орталығында өтті. Жиынға қатысқан жандар жең ұшынан жалғасқан жемқорлықты тыюдың жаңа жолдарын ұсынып, пікірлерін ортаға салды.