БҚО-да 2021 жылдың сегіз айында сыбайлас жемқорлықтың 41 дерегі тіркелді. Оның он сегізі пара алу қылмысы. Сала мамандары осы 18 қылмыстық іс бойынша 47 азаматтың жауапкершілікке тартылып жатқанын, оның 33-і сотталғанын айтады. Облыста пара беру дерегі көбейген. Елімізде жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа төтеп беріп, алдын алу үшін түрлі әдіс-тәсіл қолданылуда. Соның бірі қылмыс туралы хабар берген жандарға көтерме сыйақы төлеу әдісі.
Сегіз айдың қорытындысы бойынша облыста 41 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелген. Оның 18-пара алу қылмысы. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық деректері бойынша құқық қорғау органдарында 4 қылмыс, жергілікті атқару саласында-12 дерек тіркелген. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында-6, білім беру саласында-4, ауыл шаруашылығында және денсаулық сақтау саласында 2 қылмыс, мемлекеттік сатып алуда -12 қылмыс тіркелген. Сала мамандары өңірде пара беру деректері көбейді,- дейді.
Елімізде жемқорлықпен күресу үшін түрлі тәсіл қолданылуда. Соның бірі -қылмыс туралы құзырлы органдарға хабарлау. Мұндай ақпарат берген азаматтарға көтерме ақша төлеу қарастырылыпты. Биыл осындай екі дерек тіркелген. Жалпы соммасы 350 мың сыйақы төленген. Сала мамандары тек жала жабу фактілеріне жол берілмейтінін ескертеді.
Қазіргі қолданыстағы заңнама бойынша пара алған да, пара берген жан да жауапкершілікке тартылады. Жемқорлық фактісіне куә болып, құзырлы органға хабар бергіңіз келсе, 1424 нөміріне қоңырау шалыңыз!