Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ТОЙ ТОЙЛАУҒА РҰҚСАТ

c 10:10, 22/09/2021 c 1526

0:00 / 0:00

Үкімет карантиндік шектеулерге қарамастан той тойлауға рұқсат берді. Бүгін өткен ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желіде елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын, соңғы екі аптада ковид жұқтырушылар саны мен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегінін жазды. Министр карантиндік шектеулер жеңілдетілгенін мәлімдеді. Енді  той тойлауға, отбасылық отырыстарды, еске алу шараларын өткізуге рұқсат беріліп отыр.

Елде эпид жағдай тұрақтала бастады. Күн сайын қауіпті індет жұқтырғандардың статистикасы да төмендеп жатыр. Республика бойынша соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2093 адамды құрады. Қазір «қызыл аймақта» 7 өңір ,   «сары аймақта» 7 өңір, ал «жасыл аймақта» үш   облыс тұр.  Осыған орай, ведомствоаралық комиссияның шешімімен, "Ashyq" қосымшасы бойынша «қауіпсіз» мәртебесі барларға той-домалаққа, еске алу асына  баруға рұқсат беріліп отыр. Сондай         -ақ, конференциялар, форумдар мен басқа да спорттық бұқаралық шараларды өткізуге болады. Тек адам санына қарай шектеулер бар.

Эпиджағдай тұрақталғанымен елге коронавирустың жаңа штамы келді. Жаңа Eta «Нигерия» штамы еліміздің 4 өңірінде анықталып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Нұр-Сұлтанда Eta штамымен 1 науқас, Қарағандыда –1,  Маңғыстауда - 2, Павлодарда – 1 адам анықталды. Нигерия штамы бүгінде әлемнің 77 елінде тіркелген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.