1-ші қыркүйектен бастап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасында айтылған президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу басталды. Бірінші іріктеу 2019 жылы болды. Сол кезде білікті 300 жас резервке іліккен еді. Қазіргі таңда жастардың 60 пайызы мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мамандары осы жастар кадрлық резервке іріктеуден өту үшін арнайы кездесулер өткізуде.
Сурет https://sn.kz/ сайтынан жүктелді