0:00 / 0:00
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер аумағында Ауғанcтан босқындарын және шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды қолдайтынын жеткізді.Бұл жайында қазақ басшысы Душанбеде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы барысында айтты.Сондай-ақ, Тоқаев гуманитарлық көмек пен ауған халқына халықаралық қолдау көрсету мәселесін де сөз етті.
Тәжікстан астанасы Душанбеде бас қосып жатқан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің басшылары Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Алты мемлекеттің басын қосқан ұйымның жиынына Ресей Президенті Владимир Путин ғана бара алмады. Ол онлайн режимде қатысты. Тәжік басшысы Эмомали Рахмон Тәжікстанның аталмыш ұйымға төрағалығы ұжымдық қауіпсіздік аймағы төтенше сын-қатерлерге тап болған кезеңмен тұспа-тұс келгенін айтты. Ауған-тәжік шекарасына қатысты мәселе де сөз болды. Ал ауған босқындарын қабылдау мәселесінде Түркия ғана емес, енді Тәжікстан да бас тартты. Енді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер Ауғанcтан босқындарын және шетелдің әскери базасын орналастырудың тиімсіздігі туралы ортақ ұстанымды ұстанып отыр. Қазақ басшысы да ұйымның ұстанымын бөліседі.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Ауғанстандағы жағдай азаматтық соғысқа ұласуы мүмкін деді.
Кеңеске қатысушылар дегенмен, Ауғанстанмен арада қалыптасқан сауда-экономикалық байланыстарды қайта қалпына келтіру маңызды деп санайды. Ал БҰҰ-ң болжауынша, Ауғанстаннан қашқан босқындар саны жарты миллион адамға жетуі мүмкін.