Прокурорлар Орал қаласында 1 гектар жерді мемлекет меншігінен заңсыз шығарған қылмыстық істі анықтады. Өрескел әәрекет Зашаған кентінде болған. Қазіргі таңда айыпты деп танылған азамат 3 жыл, алты ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Істі тергеу 2020 жылдың маусым айында басталыпты. Жаза арқалаған азамат 2000 жылдары әкімнің жазылған жалған шешімдерін қолдана отырып, 6 жер учаскесін заңсыз мемлекет меншігінен шығарыпты. Жер телімдерін белгілі мекен-тұрағы жоқ адамдарға жазыпты. Кейін сотталушы учаскелерді 35млн. теңгеге сатып жіберіп, өз мұқтажын өтеуге пайдаланған.
Сурет https://informburo.kz/ сайтынан жүктелді.