Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ДӘРІХАНАЛЫҚ  НАШАҚОРЛЫҚ»

c 11:14, 14/09/2021 c 515

0:00 / 0:00

Қазақстанда  жыл басынан бері 12,5 тонна есірткі түрлері тәркіленді. Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірхановтың хабарлауынша, «қазір дәріханалық нашақорлық» өршіп тұр. Сондай-ақ, синтетикалық есірткінің таралуы кең етек жайып отыр.  Ағымдағы жылы елде 129 кг синтетикалық есірткі тәркіленіп, 11 есірткі зертханасы жойылды.

Нашақорлық – ғасыр дерті. Елде заңсыз есірткі бизенсімен күрес қанша күшейтілгенімен, нашақорлық дерті  өршіп барады. Бұл адамзаттың денсаулығына, болашақ ұрпағына төнген қауіп. Полиция қанша қылмыстың жолын кестік деп мәлімдегенімен, есірткі сатудың әртүрлі әдісін тауып, ісін өрлетіп отырған қылмыстық топтар көп. Полцияның хабарлауынша, бүгініг күні «дәріханалық нашақорлық» өршіп тұр. Сол себепті, ата-аналарға балаларды бақылауға алуға кеңес береді. Дәріханаларда құрамында есірткісі бар, құрамында есірткі заттары жоқ, бірақ мас болуды тудыруы мүмкін бірқатар препарат бар. Ең қауіптілердің бірі – трамадол препараты болып отыр.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ -«Ең қауіпті дәрі- трамадол. Ол  синтетикалық опиоидты анальгетик немесе героиннің синтетикалық опиаты болып саналады. Трамадол - нашақорлыққа «кіретін нүкте». Дәл осы Трамадолдан нашақорлық басталады. Оған тәуелді болған адамды бірден анықтау қиын. Себебі нашақор тұмаумен ауырғандай болады. Бір нәрседен уланғандай болып көрінеді. Жасөспірім препаратты пайдаланса, ата-ана байқамай қалуы да мүмкін. Трамадолдан басқа мектеп оқушылары эйфория жағдайында қолдануға болатын дәрілер бар. Бұл «Тропикамид» және «Цикломед» көз тамшылары».

Әмірханов мырза атап өткен көз тамшысы дәрілері бұрын тыйым салынған есірткі заттарының тізіміне жатқызылмаған, сондықтан оны анықтау мүмкін болмады. Ал маусым айынан бастап Үкімет қаулысымен олар күшті заттар тізіміне енгізіліп отыр.

БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ – ҚР ІІМ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ -«Есірткі қылмысына қарсы күрес шарасының нәтижелері  бойынша соңғы алты күн ішінде полиция 865 субъектіні, оның ішінде 599 дәріхананы, 24 қойманы, 205 емдеу - профилактикалық мекемені тексерді. Сондай-ақ 37 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерістен өтті. Нәтижесінде 1.2 тонна прекурсорлардың айналымы шектелді»

Өкінішке орай, есірткіге ұқсас және тәуелді мас күйін алу үшін пайдаланылуы мүмкін дәрі-дәрмектерді рецептсіз сата беретін дәріханалар көп. Полиция осыған қатысты 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықтады.  Жалпы елімізде   жыл басынан бері 12,5 тонна есірткі түрлері тәркіленсе. Соның ішінде 129 кг синтетикалық есірткі тәркіленіп, оның11 есірткі зертханасы жойылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.