Енді Орал көшелерінің жарықтандырылуы ақылды жүйемен басқарылмақ. Қала билігі жарықты үнемдеу үшін жаңа жобаны іске қосып жатыр. Жоба 3 жылға жоспарланған. Ақылды жүйе онлайн режимде барлық жарықтандыру бағаналарының жай-күйін бақылап отырады. Арнайы сервер арқылы істен шыққан, апатты жарық бағанасын мамандар тәулік бойы тексереді. Жаңа жоба қала мен облыс орталығына қараған ауылдық округтерде орналасқан жарық бағаналарын да бақылайды.