БҚО-да жаңа оқу жылында физика-математика бағытында жаңа мектеп алғаш рет жұмысын бастап отыр. Оның салтанатты ашылуына облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.Алғаш рет ашылған физика-математика бағытындағы мектепке конкурс арқылы 65 оқушы қабылданған. Тарыдай болып жаңа мектеп табалдырығын аттаған білім алушыларды облыс әкімі Ғали Есқалиев құттықтады. Жаңа білім ошағында келер жылы 300-ге жуық оқушы математика-физика бағытында оқытылады деп жоспарланып отыр. Мұнда білім алушылар ағылшын тілін жетік меңгеріп қана қоймай, ҰБТ мен олимпиадаға дайындалады. Ата-аналар үшін де жағдай жасалған, таңертең келген оқушымен кешке дейін мұғалімер жеке-жеке жұмыстанады.