Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

c 10:00, 02/09/2021 c 463

0:00 / 0:00

Өздеріңізге мәлім, ел Президенті халқына арналған Жолдауында көп мәселені қамтыды. Енді Үкімет пен әкімдердің, оны жүзеге асыру үшін қажетті заң қабылдайтын Парламенттің алдында жұмыс көп. Жетінші шақырылымның екінші сессиясының ашылуы журналистер үшін онлайн режимде өткендіктен, тілшілеріміз Парламенттің есігін торуылдап, үкімет мүшелері мен депутаттардың Жолдауға қатысты пікірлерін жазған еді.

Өздеріңізге мәлім, Парламенттің жетінші шақырылымының екінші сессия да  жабық күйінде өтті. Яғни қос палата депуаттары сыйған Парламент ғимаратынан журналистерге орын табылмады. Карантиндік шектеулерге қатысты жоғары заң шығару органның есігі БАҚ өкілдері үшін осымен екі жыл жабық тұр. Алайда, журналистердің басым бөлігі ендігі екпе жасатып алған. Не керек, жолдауға қатысты депутаттар мен министрлердің пікірін білу үшін, Парламенттің алдында торуылдап тұруға тура келді.  Ұлттық банк төрағасына сұрақ қойып үлгердік. Президент Тоқаев Жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметті инфляция алдында дәрменсіз деп сынады. Бас банкир өз ұсынысын дайындамақшы.

Сондай-ақ, Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев, енді екінші деңгейлі банктерге қазынадан қолдау жасалмайтынын айтқанды.

Президент бюджет шығыстарын жабу үшін Ұлттық қордан қаражат тарту жіилеп кеткенін айтты.  Енді жыл соңына дейін Ұлттық қор активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережені енгізуді жеделдету керек. Тиісті заңнамалық түзетулер жылдың соңына дейін қабылдануы қажет», - деді мемлекет басшысы. Ал Жолдауда мұғалімдердің, дәрігерлердің, бюджеттен тыс қызметкерлердің жалақысын өсіру тапсырмасы тұр. Үкімет бұған ақшаны қайдан алады деген сұрақ туады.

Жолдауда білім мен ғылымды дамыту мәселесі де қозғалды. 2025 жылға дейін 1000 мектеп салу жоспары тұр. Ал дарынды оқушыларды қолдау қажет дейді Тоқаев. Түрлі халықаралық олимпиадалардан жүлделі орын алып жүрген жеткіншектерге болашақта грант берілмек.

Өкінішке орай қоғамның сынына, талқылауына түсіп жатқан министрлік басшылары тілшілерге алтын уақытын бөле алмады. Қорғаныс пен  спорт министрлері журналистердің сұрағына жауап беруден бас тартты.

Кей депутаттар жолдауда көтерілген мәселелерді қорытып үлгермей жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.