Фитосанитарлық бақылау кезінде инспекторлар осындай зақымдану фактісін байқаған. Картоптың алтын түстес жұмыр құртпен зақымданғаны анықталды. Бұл қорытынды 2017 жылғы 6 қарашадағы карантиндік фитосанитариялық сараптамасымен расталып отыр. Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасына сәйкес зақымдалған картоп Ресей аумағына кері қайтарылды. Айта кетейік, картоптың алтын түстес жұмыр құрты өсімдіктерді жарамсыз күйге түсіріп, өнім шығынының 20-80 пайызға дейін жетуіне әкеледі. Оған қоса топырақта 10 жылға дейін сақталып, жарамды картоп алқабының қысқаруына соқтыруы ықтимал.