Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ ОТСТАВКАҒА КЕТПЕКШІ

c 09:45, 31/08/2021 c 423

0:00 / 0:00

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс салдарына кім жауап береді? Неге Арыс оқиғасы тағы қайталанды? Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бұл жолы отставкаға кетуге дайын ба? Осы сұрақтар бойынша сарапшылардың, Қорғаныс министрінің пікірі қамтылған бейнематериалды ұсынамыз. Еске салайық, 26 тамызда кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойманың маңынан өрт шығып, жарылыс болды. Алапат жарылыста  90-ға жуық адам зардап шекті. Ауруханада ауыр халде жатқандар  мен оқиға орынында табылмай жатқандар да бар.Өкінішке орай жарылыста қаза тапқандар саны артып, қазір 9- адамға жетті.

Жамбыл облысындағы әскери қоймадан шыққан алапат жарылыс қазақ қоғамын алаңдатып отыр.Әлеуметтік желідегілер «Арыс оқиғасынан сабақ алмады», «Қорғаныс министрі қызметінен кетсін»- деген пікірлерін жарыса жазып жатыр. Естеріңізде болса, Арыстағы әскери қоймадағы жарылыс та бірнеше адамның өмірін қиған еді. Алайда, ол кезде министр Ермекбаев Арыс үшін өзін кінәлі деп санамады. Тіпті бұл оқиғаны табиғи құбылысқа балаған болатын.

Ал 2009 жылы экс- депутат Ержан Исақұлов елдегі әскери қоймалардағы мәселені көтеріп, алапат жарылыс болатынын ескерткенді.

Өкінішке орай генералдың бұл болжамы араға он жыл салып орын алды. Алайда құзырлы орган Арыс жарылысынан кейін де нәтиже шығармады. Екі жылдан соң, Тараз түбіндегі оқ-дәрілер қоймасы жарылды. Бұл не бітпейтін жарылыстар, неге қара халық үрейленіп өмір сүруі керек, деген сұрақтар туындайды. Президент Тоқаев Ақордада өткізген шұғыл жиын барысында, қорғаныс министрлігі өзіне жүктеген міндетті атқара алмағанын айтты.

Қорғаныс министрі Ермекбаев жамбылдық тілшілерге берген сұхбатында, қызметімен қоштасуға дайын екенін мәлімдеді.Яғни Арыс оқиғасы үшін өзін кінәлі сезінбеген министр, Тараздағы жағдайдан соң отставкаға кетуді жөн санапты.

Осылайша  Ермекбаев қызметінен кетіп, жарылыстар үшін жауапкершіліктен оңай құтылып кете бере ме?  Бұрынғы Қорғаныс министрі, генерал Сәт Тоқпақбаев Ермекбаевтың отставкаға кетем деуі, өз кінәсін мойындауы дейді.

Ал Ақордадағы жиында мемлекет басшысы Үкіметке Тараздағы жарылыста қаза тапқандардың отбасына және зардап шеккендерге қажетті барлық көмекті жасауды тапсырды. Вице-премьер Роман Скляр бастаған арнайы комиссияға шұғыл түрде Жамбыл облысына барып, жарылыс салдарын жою жұмысын қадағалауды жүктеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.