0:00 / 0:00
Қазақстандағы Жоғарғы оқу орындарының білім сапасына қатысты сын көп. Жемқорлық жайлаған оқу орындары Шымкент қаласында болып отыр. «Студенттер Альянсы» жүргізген рейтинг бойынша 71 оқу орны сүзгіден өткізілді. Сауланамаға еліміздің 14 облысы мен 3 қаласынан жалпы 25 мың студент қатысқан. Оқу сапасы, оқу орнының ашықтығы, жатақхана, асхана мәселесі, қашықтан оқыту сапасы бойынша сауланама жүргізілген. Өкінішке орай еліміздегі университеттерге қойылған талаптар толық орындалмай отыр дейді, студенттер қозғалысының өкілі Ілияс Түстікбаев.
Елдегі жоғарғы оқу орындарының білім сапасына қатысты мәселе Президенттің жіті назарында. Тіпті білім министріне жеке тапсырма беріп, нәтижесінде біраз университет талапқа сай болмай жабылып қалды. Лицензиясынан айырылды, мемлекеттік тапсырыстардан қағылды. Ағымдағы жылы 8 ЖОО жабылып, 36-ы мемлекеттік тапсырыссыз қалды. Үкіметтік емес ұйым болып табылатын «Студенттер Альянсы» өз рейтингін алға тартып отыр. 71 ЖОО орны бойынша жүргізілген сауалнамада студенттер білім сапасына, жатақханамен қамту төмендігіне, асханадағы тамақ сапасының нашарлығына, қашықтықтан оқытудағы орын алған олқылықтарға шағымданған. Өкінішке орай, университеттерде жемқорлық белең алып отыр. Шымкент қаласы бұл көрсеткіште көш бастап тұр.
Бұл рейтингте Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының жоғарғы оқу орындары оқыту сапасы бойынша алда тұр. Дегенмен, сын көтермейтін білім ордалары да жоқ емес.
Өкінішке орай сауланама нәтижесі көрсеткендей, университеттерге қойылған талаптар толық орындалмауда дейді ,студенттер қозғалысының өкілі Ілияс Түстікбаев.
Дегенмен кейбір мем¬ле¬кеттік, тіпті ұлттық уни¬вер¬ситеттердің өзінде кемшіліктер жетеді. Себебі атауы жер жарып тұрған ЖОО-ның бар¬лы¬ғы бірдей рейтингте көш бастап тұрғаны көрінбейді. Белгілі бір бағыттарда алдыңғы орынды бермей тұрғанымен, түлектерінің бәрі жұмыспен қамтылып жатқан жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саны көп, сапасы жоқ ЖОО-ң санын қысқарту мәселесіне түрткі болған басты мәселе- диплом алып, жұмыссыз жүргендері жұмыспен қамту болатын.