Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұрғындар қарызы 400 миллион теңгеге жетті

c 17:39, 23/08/2021 c 834

0:00 / 0:00

Қыстың қамын жаз ойла. «Жайықжылуқуат» АҚ-ның жылыту маусымына дайындықты тексеру мақсатында бірнеше күн ыстық су таратуды тоқтатады. Жылдағы дәстүр бойынша 15 қазанда басталатын «жылыту маусымына әзірлік пен жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде»,- деген коммуналық мекеме басшысы компанияға тұрғындар қарызы шаш етектен екенін де айтты. Оралда жеке сектор тұрғындарының жылуға берешек қарызы 400 миллион теңгеге жеткен. Жылу жеткізуші компанияда қазір жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты жылу желілеріндегі қысым азайтылып, кәсіпорын жұмысы бірнеше күнге толықтай тоқтайды. Қарыздың бұлай көбеюі жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіреді,- дейді кәсіпорын басшылары.Алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарына бюджеттен 405 миллион теңге бөлініпті. Осы қаражат есебінен жылу электр орталығындағы желілер мен қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда бөлінген қаржының 83 проценті игерілген.
Айта кету керек, аймақтағы инженерлік желілерді толықтай жаңғырту қажет. Әсіресе, су құбырлары мен жүйелерінің және электр желілерінің басым бөлігі жаңартуды талап етеді. Бу турбиналарын салқындатуға қажетті суды жеткізу де қиындап барады. Өйткені, жайық өзені деңгейінің төмендеуі салдарынан жағалаудағы су сорғы стансаларына күш түседі,- дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.