0:00 / 0:00
Қырғыз елінен шыққан жүк көліктері Оралда бірнеше күннен бері Ресейге жіберілмей отыр. Өйткені шекардан МКД-нің текеріп, рұқсат алғаннан кейін ғана өтуге мүмкіндік бар. Бұған ызалы көлік жүргізушілері жұмыстың уақытылы жүргізілмей отырғанын алға тартады. Шамамен 50-ге жуық жүк таситын көліктер құжаттарын тексерістен өткізу үшін бірнеше күннен бері Оралда аялдауда. Камаз жүргізушілері бұған дейін мұндай мәселе болмағаныны айтады. Жүк көліктері күн санап көбеюде.Салдарынан олар тұрған аумақтағы коммерциялық компани өкілдері "қапырық ыстықта шаң тозаң одан сайын көтеріліп отыр",- дейді.
БҚО МКД мәселенің неден туындағанын түсіндіріп берді. Былтыр «Бішкек - Ресей» бағытында көп қозғалыс болса да бюджетке қаржат аз түскен. Сондықтан құжаттарды тексеру шаралары күрделеніпті. Мәселе екі -үш күнде толықтай шешіледі екен. Сонымен қатар мәселенің туындауына тағы бір себеп: жүк көліктері автокөлік өткізу бекетіне соқпай бірден тікелей тексеру орнына өтіп кеткен.Бұл да жұмысты көбейтіп отырған көрінеді.