Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БИЗНЕСКЕ АРНАЛҒАН НЕСИЕ

c 09:56, 17/08/2021 c 739

0:00 / 0:00

Ел бизнесін қолдау үшін 6 пайызбен несие беру науқаны басталды. Ендігі 600 астам өтініш келіп түскен. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ел кәсіпкерлігін қолдау үшін жасалып жатқан шаралар жайында мәлімдеді. Несие 5 жылға дейін беріледі.Бірақ жылжымайтын мүлігіңді кепілдікке қоюың керек.

Жеңілдетілген несиені күтіп отырған шағын бизнес үшін бұл үлкен көмек. Пандемия кезінде табысын жоғалтып, күйзеліске ұшыраған кәсіпкерлік субьектілері арзан несие алып, ісін дамытпақ. Бұл бірнеше жыл бойы қолданыста бар жоба. Алайда, ел бизнесінің банк алдындағы қарызы азая қойған жоқ. Қанша жеңілдетілген кредит алса да, қарызын толық жаба алмай отыр. Карантиндік шектеулер жағдайды ушықтырып жіберді. Мемлекет 22 млрд теңгені микроқаржы ұйымдары арқылы үлестіріп отыр. Несие 6 пайыздық мөлшерлемемен 5 жылға дейін беріледі.Бірақ жылжымайтын мүлігіңді кепілдікке қоюың керек.

Ал ауыл шаруашылығы саласында кәсібін дөңгелеп отырғандарға 7 жылға дейін микроқаржы беріледі. Биыл орын алған қуаңшылыққа байланысты  жем-шөп, мал өнімдерін дамытатын шаруа қожалықтарына 1 жылға дейін жеңілдіктер жасалады.

Айта кету керек, бизнеске арналған жеңіл несиені алу үшін кепіл ретінде 50 жылдан асқан тұрғын үйлер қабылданады. Сондай-ақ жер телімдерін кепілдікке қоюға болады. Оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер де қабылданады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.