Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақ жолдықтар" бас санитар мен кәсіпкерлердің басын қосты

c 18:51, 10/08/2021 c 952

"Ақ жол" партиясының өңірлік филиалында локдауннан зардап шегіп отырған кәсіпкерлер аймақтың бас санитарлық дәрігерімен кездесті. Бизнес субъектілері санитарлық шектеулерге байланысты табыстан қағылып отырмыз дегенді алға тартады. Кәсіпкерлермен кездескен санитарлық дәрігер өзінің уәжін айтып, қаулыны түсіндірді.

Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтатып, науқастанған жандардың санын азайту үшін өңірдің бас санитарлық дәрігері апта сайын жаңа қаулы шығаруда. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қаулыдағы шектеу шаралары күшейіп келеді. Бұл кәсіпкерлердің жұмысына зиян. Сауда үйлері, кинотеатрлардың өкілдері жұмыс уақытының қысқаруы табыстан қағылуымызға себеп болды дейді. Мәселен, қазіргі таңда кинотеатрларға кешкі сағат 8-ге дейін рұқсат бар.

Сауда үйін жалға алып, табыс тауып отырған кәсіпкерлер жұмыс уақытының қысқаруы үлкен шығынға әкеліп соғатынын алға тартады.

"Ақ жол" партиясының өңірлік филиалында бас қосқан жиында ҚР Мәжіліс депутаттары, бас санитарлық дәрігер мен "Атамекен" палатасының өкілдері кездесті. Бас санитарлық дәрігер қаулыны қайта-қайта түсіндіріп, кәсіпкерлердің сұрағына жауап берді. Дәрігерге түрлі сауал жолданды.

Жиында шұғыл штабтың құрамында локдауннан зардап шеккен кәсіпкерлер болуы керек деген ұсыныс айтылды. Осы шараға қатысқан мәжіліс депуттаттары кәсіпкерлерді толғандырған сауалдар бойынша оң шешім табылғанша бірге жұмыстанамыз,- дейді.

Жиынды қорытындылаған кәсіпкерлер өңірдің бас санитарлық дәрігері қабылдап отырған шектеу шаралары республикалық санитарлық дәрігерге қарағанда қатаң, сол себепті бизнеске тосқауыл болмауы үшін оны бәсеңдету мақсатында құзырлы органдарға хат жазамыз деп тарқасты.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.