Оралдағы №8-ші және №10-шы қоғамдық көліктер жұмысын тоқтатады. Бұл туралы қалалық әкімдік мамандары мәлімдеді. Негізгі себеп-өзге автобустардың осы бағыттағы жолмен қатынауы, сәйкесінше бір сұлбамен жүретін маршруттарға деген сұраныстың азаюы деп түсіндірді сала өкілдері.Бұдан бөлек бірқатар автобустардың жүру бағытына өзгертулер енгізілді. Қоғамдық көліктердің бір бағытта жүру сұлбасының қайталануын азайту мақсатында және маршруттық желіні оңтайландыру аясында атқарылып жатырған жұмыстарға орай, бүгіннен бастап, 33 автобус «Жұлдыз ш.а-нан ПД» не дейін, №52 маршрут «Т/Ж вокзалынан - Согалсия көшесіне дейін», ал 3К бағытындағы қоғамдық көлік «Комментерннен-Подхозға» дейін қатынайды.8-ші және 10-шы қоғамдық көліктердің шығыны шаш етектен. Өйткені тапқан пайда шығындарды өтемейтін көрінеді. Өзгерістерге орай тұрғындардың әкімдікке өкпесі қара қазандай.Естеріңізге сала кетеміз, қыркүйек айынан бастап барлық қоғамдық көліктерде электронды билет жобасы іске қосылады деп жоспарлануда. Бір күнде облыс орталығында барлығы 300- ден аса қоғамдық көлік желіге шығады.