БҚО әкімдігінің қаулысына сәйкес жаңа оқу жылына 90 грант бөлінді. Гранттардың басым көпшілігі медицина саласына бағытталған. Биыл Марат Оспанов атындағы медицина университетінде 50 батысқазақстандық жас түлек білім алмақ. Гранттардың 37-сі жергілікті университтерге бөлінген. Жас түлектер тамыздың 5-сімен 10-аралығында құжат тапсырған ЖОО-нда өтініш жазады. Кейін талапкерлерді арнайы комиссия іріктеп, үш жақсы келісімшарт жасақталады. Бірінші семестрде шәкіртақы барлық грантта оқитын студенттерге төленбек. Кейін студенттің оқу үлгерімі жақсы болып, 4-5ке шықса шәкіртақы алуын жалғастырады. Әкімдіктің грантында оқыған жас маман 3 жыл бойы мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек. Биыл өңірде грантта білім алған 71 педагог пен 63 Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетін аяқтаған жас еңбекке араласады.
Сурет https://24.kz/ сайтынан жүктелді