БҚО-да бір күнде 30 өрт тіркелді. Олардың 25-ші далалық және орманды жерде болған. Төтеншеліктер ауа райының аптап ыстығы қызыл жалынның тұтануына себеп дейді. Облыс орталығында орналасқан сауда үйлердің бірінде де ірі өрт оқиғасы тікелді. Жиһаз салоны мен оның іргесінде орналасқан дөңгелек жөндейтін нысан жалыннан зардап шекті. Мамандар тілсіз жаудың таралуына өрт қауіпсіздігін сақтамау себеп,- дейді.