Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

“АҚ ЖОЛДЫҚТАР” “МАҢҒЫСТАУҒА КӨМЕК” АКЦИЯСЫНА ҮН ҚОСТЫ

c 17:37, 04/08/2021 c 1481

0:00 / 0:00

Еліміздің жомарт жандары жұттан зардап шегіп отырған Маңғыстаулық ағайынға шөп жинауды бастады. Еріктілер Орал қаласына келіп, жомарт жандардың көмегін Маңғаз Маңғыстауға жөнелтпек. Қазіргі таңда еріктілердің мал азығын жинайтын 3 орны бар. Оның біреуі Орал қаласында орналасқан. Қиын жағдайға тап болған өңірге қол ұшын беруге жомарт жандар мен "Ақ жол" ҚДП да өз үлесін қосуда.

Жұттан зардап шеккен Маңғыстау өңіріне көмек ретінде еліміздің түкпір-түкпірінде шөп жинап, вагон-вагонмен жөнелтіп жатыр. Бұл үрдіс БҚО-да жалғасын табуда. Күні бүгінге дейін 4 вагон болатын мал азығы жиналыпты. Десек те еріктілер бұл істе көптеген кедергілерді бастан кешуде.

Жұттан зардап шегіп отырса да қиындыққа мойымаған өңір халқына асарлатып вагонмен шөп жіберуді мақсат тұтып келген еріктілер БҚО-нан 150 вагон шөп жинауды жоспарлап отыр. Еріктілерге қол ұшын созған жандар мен ұйымдар аз емес. Мәселен, әкімдік шөп жинайтын орын мен техника бөлген. Ақжайық өлкесіне келген келген Мұратбек Солтанбай "Ақ жол" партиясының көмегін атап өтті.

Партия өкілдері қуаңшылықтың кесірінен зардап шеккен азаматтарды қолдау үшін бірігіп, жәрдемдесу керек,- дейді.

Маңғыстау өңіріне мал азығын жөнелтуді жоспарлап отырған еріктілерге сіз де көмектесе аласыз. Қазіргі таңда техниканың тапшылығына байланысты шөпті вагонға тиейтін адам жетіспейді. Ауыл аймақта жиналған мал азығын тасымалдау ісінде іркіліс бар. Қуаңшылықтан зардап шеккен аймаққа деп шөпті орып, жинап, арнайы қабылдайтын орындарға жіберу үшін сіздер де көмек қолын соза аласыздар. Ертең еріктілер БҚО-нан алғашқы шөп тиелген вагондарды жөнелтуді жоспарлап отыр. Сұрақтарыңыз болса Мұратбек Солтанбайға экранда көрсетілген 8-776-169-58-96 телефон нөмірі арқылы хабарласуыңызға болады.

Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.