Облыс орталығында тыныс алу жаттығулары тұрғындар арасында насихатталып, мейлінше көп адам бұқаралық спортпен шұғылдану үшін "Аулафит" жобасы іске қосылды. Жаңа ауланың тұсаукесері тұңғыш президент алаңында өтті.
Тұрғындарға тыныс алу жаттығуларын үйрететін "Аулафиттің" Орал қаласында 9 филиалы, Ақсай қаласында бір бөлімшесі жұмыс істейді. Жоба жыл соңына дейін жоспарланған. Бұл үшін қазынадан 14 млн. теңгедей қаражат бөлінген.
Жас пен егде жастағы адамдардың басын қосқан шара көңілді өтті. Азаматтар таза ауада жаттығу жасап, әнге билеп те алды. Оралдықтардың бұқаралық спортқа бет бұрып, шынығып жатырғанын көрген ақ жаулықты кейуана коронавирус пандемиясы кезінде мұндай шараларды ұйымдастыруды маңызы деп есептейді.
Жаттығулар таңғы сегізде және кешкі сегізде ұйымдастырылмақ.