Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылының әкімі мас күйінде көлік жүргізгені үшін қызметінен қуылды. 11- мамырда полиция қызметкерлері экс-шенеунік тізгіндеген темір тұлпарды Орал-Атырау тас жолында тоқтатады. Медициналық сараптамадан өткеннен кейін мемлекеттік қызметшінің ішімдік ішкені дәлелденіпті. Тексеріс кезінде әкім сыра ішкенін мойындаған. Оның ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.