Жақында теміржолшылар кәсіби мерекесін тойлады. Жолаушылардың діттеген жеріне аман-есен жетуіне жауапты мамандарға артылар жүк салмақты. Олар жолаушылардың амандығы мен отарбалардың уақытынан қалмай жүйіткуіне жауапты. Пандемия мамандарға түсер осы салмақты арттыра түскендей. Қазіргі таңда темір жол вокзалының қызметкерлері толыққанды коронавирусқа қарсы екпе алыпты. Бүгінде 900-ден астам батысқазақстандық темір сол саласында жұмыс істейді. Мамандардың кәсіби мерекесінде қызметін адал атқарып, жас кадрларға үлгі болып жүрген үздік қызметкерлер түрлі марапатқа ие болды.